Қазақстанның танымал өнер жұлдызы мен спортшысы кездесті
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкинмен (41-1-1) кездескенін жариялады.
«Бауырларыммен. Қайырлы таң, dears!», - деп жазды әнші.
24 мамырда Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Димаш Құдайбергеннің Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі көктемде MTV USA-дағы апта сайынғы рейтингтің көшін бастады. Димаш Құдайбергеннің Youtube-тегі Across Endless Dimensions әніне түсірілген клипі 3 миллионнан астам рет қаралды.