$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 11:00
Жаңалықтар

«Олимп» тағы 145 млрд теңге төлеуі тиіс

Бұған дейін Алматы соты букмекерлік клуб жұмысын жарты жылға тоқтатқан болатын 

«Олимп» тағы 145 млрд теңге төлеуі тиіс
Фото: inbusiness.kz

«Олимп» букмекерлік кеңсесін тексерген салықшылар компанияға тағы 145 млрд теңге салық төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, «Олимп» брендімен Қазақстан нарығында жұмыс істеп жатқан «Букмекерская компания «Олимп.kz» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС-на бұған дейін салықтық тексеру жүргізілген болатын. 5 айға созылған тексеруді Алматы қаласы бойынша Кірістер департаменті жүргізді. Мамандар аталған компаниялардың соңғы 5 жылдағы салықтық төлемдерін тексерген.

Осы тексерудің нәтижесінде «Букмекерская компания «Олимп.kz» ЖШС – 62 млрд теңге, «Alpha-bet» ЖШС – 83 млрд теңге мемлекет пайдасына айыппұл ретінде төлейтін болды.

Оқи отырыңыз: Алматы соты «Олимп» букмекерлік клубының жұмысын жарты жылға тоқтатты

Еске салайық, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары мен прокуратура бірігіп, Қазақстан аумағынан қаржыны заңсыз алып шығу каналының жолын кескен болатын. Сондай-ақ, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деген айыппен «Олимп» букмекерлік кеңесесіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Onlybet» ЖШС мен «Alpha-bet» ЖШС-нің лицензиялары уақытша тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Лицензиясын тоқтатты: ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне басып кірді

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #Олимп