Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
20 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 744 212 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде 2 744 212 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 1 653 443 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 377 281 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 49 581 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.