$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2021, 10:48
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ

Өкінішке қарай, коронавирустан 8 адам бақилық болды

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ
Фото: bbc.com

Денсаулық сақтау министрлігі 20 маусымдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 8 адам қайтыс болды.

20 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 569 адам коронавирус инфекциясынан (–20 339 + және 1230 КВИ-) емделуде, оның ішінде 6 358 пациент стационарда, 15 211 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 458 адамның жағдайы ауыр,

• 91 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 18 маусымдағы мәлімет бойынша 56 жаңа жағдай тіркелді, 40 адам жазылып шыққан. Сондай-ақ көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 56535; 

өлім жағдайы – 969;

барлығы 51882 адам сауығып шықты.

 

Серіктес жаңалықтары