ШұғылБір аптада коронавирустан 73 қазақстандық қайтыс болды

Қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды

Чемпионатқа 40 астам елден 200 спортшы қатысты

15-16 желтоқсанда Ақтөбе қаласының Мұз сарайында Qazaq Kuresi бойынша әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 40 астам елден 200 спортшы қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлем чемпионаты 8 салмақ дәрежесінде өтті.  Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар марапатталды. 

Qazaq Kuresi Әлем чемпионатына 20-дан астам төрешілер қатысты.  Олардың арасында Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения өкілдері болды.

55 кг
Алтын - Nietbay Daulet
Күміс - Davaanyam Bukhchuluum
Қола - Abdreimov Ikram, Hayraprtyan Qaspar
 
60 кг
Алтын - Battseren Enebish
Күміс - Khasanov Otarbek
Қола - Oshima Takumi, Yerenkaiypov
 
66 кг
Алтын - Iskakov Kuanysh
Күміс - Batzaya Erdenebayar
Қола - Huseynzoda Muhammadrajab
 
74 кг
Алтын - Galymov Aidos  
Күміс - Barbakadze Elguja
Қола - Plamadeala Veaceslav
 
82 кг
Алтын - Grigorian Aram   
Күміс - Sakhan Abdikassym
Қола - Shomurodov Sarvar
 
90 кг
Алтын - Ghviniashvili Paata
Күміс - Sannohe Yuki
Қола - Erdentogtokh Tumennasan, Istibaev Adilzhan
 
100 кг
Алтын - Salimgereyev Nurym
Күміс - Loriashvili Daviti
Қола - Dzierzanowski Igor, Yazdanpanah Ahmad
 
+100 кг
Алтын - Abdrazakov Ruslan
Күміс - Bobikov Roman
Қола - Khisomiddinov Mukhsin, Kibordzalidze Guga
 
Абсолют салмақ
Алтын - Khisomiddinov Mukhsin
Күміс - Berdzenishvili Beka
Қола - Kurbonaliev  Dadakhon

Естеріңізге сала кетейік, Чемпионатқа Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Иран, Ұлыбритания, Үндістан, Литва, Ресей және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Әлем чемпионатына Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер алғаш рет қатысты.

Дереккөз: Baq.kz