$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2021, 13:29
Жаңалықтар

Коронавируспен көбіне 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар ауырады - Жандарбек Бекшин

Алматының бас санитарлық дәрігері қалдағы коронавирус жұқтырудың негізгі орындарын атады

Коронавируспен көбіне 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар ауырады - Жандарбек Бекшин
Фото: ашық дереккөзден

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырудың негізгі себебі азаматтардың коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болуы екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, вирус жұқтыратын азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған.  

Бұрынғыдай қоғамдық орындарда жұқтыру қаупінің жоғары - 49%, отбасыларда - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%.  

Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардың - 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтардың - 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастардың 86%-ын құрайды.  

Ж. Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды: жабық бөлмелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде тағуды, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау.

Сөзінің соңында Ж. Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары