Беларусь ғалымдары да коронавирусқа қарсы вакцина әзірледі

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина өндірісі 2022 жылы іске қосылуы мүмкін

көрнекі сурет

ТМД-да тағы бір ел коронавирусқа қарсы препарат әзірледі. Беларусьте коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынау басталды. Оларды республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығы жүргізеді.

Вакцинаны сынау шаралары күзге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Елдегі вакцина өнідірісі 2022 жылы іске қосылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Қазақстан ғалымдары да коронавирусқа қасы отандық QazVac вакцинасын әзірледі. Ғалымдар әзірлеген екінші екпе - QazCoVac-P вакцинасын сынақтан өткізу басталғалы жатыр.