Коронавирус: «Қызыл» статусы бар 165 адам карантин талабын бұзды

Автор: Azattyq Rýhy

Енді олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде «Қызыл» статусы бар 165 адам карантин талабын бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір елде 2 мыңға жуық мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері 103 мыңнан аса рейд жүріп, 631 мыңға жуық нысанды тексерген. 17 мың кәсіпкер карантиндік талаптарды бұзған екен. Нәтижесінде 9 700-дей азаматқа 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. 310 материал сотқа жіберілді.