Дауылды жел, аптап ыстық пен найзағай
16 маусымда Қазақстанның басым аумағында күн қатты ысып, жоғары өрт қаупі сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.
Қарағанды облысында 16 маусымда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт каупі сақталады.
17 маусымда күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде 40 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
16-18 маусымда күндіз Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 16-18 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қаласында күндіз 18 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 16-18 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 16 маусымда Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында күндіз 16 маусымда 36 градус қатты ыстық сақталады.
Күндіз 16 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың батысында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз 16 маусымда найзағай күтіледі.
16 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 16 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қаласында 16 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Жекелеген ауданда төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында 16 маусым күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
16 маусымда Алматы облысы Қырғыз Алатауында күндіз, өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Күндіз 16 маусымда Павлодар облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында күндіз 16 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
16-17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күтіледі. Тәулік бойы 16, күндіз 17 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 16-17 маусымда кей жерлерде қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 16-17 маусымда найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.