Роналду 15 маусым бойы оннан астам гол соғып келеді
«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 15 маусым қатарынан кемінде 10 гол соққан тарихтағы алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Португалиялық футболшы Италия чемпионатының 16-турында «Удинезе» (3:1) қақпасына қос гол соқты. Бұл оның осы маусымда барлық турнирлерде соққан 11-голы болатын (19 ойында). Осылайша,Роналду 15 маусым бойы оннан асырып гол соғып келеді.
Айта кетейік, Роналдудың басты бәсекелесі - «Барселона» ойыншысы Лионель Месси 14 маусым бойы 10 голдан көп гол соғып жүр.