Қазақстанда өткен тәулікте 1058 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауырғандардың жалпы саны 401 272 адамға жетіп отыр

Қазақстанда өткен тәулікте 1058 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz. Ауру жұқтырғандардың дені елорда тұрғындары.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 257
  • Алматы қаласы – 111
  • Шымкент қаласы – 30
  • Ақмола облысы – 45
  • Ақтөбе облысы – 17
  • Алматы облысы – 46
  • Атырау облысы – 48
  • Шығыс Қазақстан облысы – 87
  • Жамбыл облысы – 20
  • Батыс Қазақстан облысы – 82
  • Қарағанды облысы – 171
  • Қостанай облысы – 34
  • Қызылорда облысы – 11
  • Маңғыстау облысы – 25
  • Павлодар облысы – 44
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 16
  • Түркістан облысы – 14.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 401 272 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 376 831 адам емделіп шықты.