Жыл басынан бері Қазақстанда 84 бала суицид жасап, өмірмен қош айтысты

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрінің айтуынша, оның себептері әр түрлі

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері елімізде кәмелеттік жасқа толмаған 84 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жалпы 248 жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қызметкерлерінің арқасында оның 164-і құтқарылды.

 «Әрбір үшінші оқиғаның себебі - жасөспірімнің ата-анасы немесе туыстарымен ұрысып қалуы. 12%-ы өзін жалғыз сезініп, өмірмен қоштасқысы келеді. 10%-ы достарына ренжіген. 3%-ы оқу орнына, және тұрмыс жағдайына көңілі толмай өз-өзіне қол жұмсайды», - деді ҚР Ерлан Тұрғымбаев.