«Қызыл» аймақта - тек Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
11 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр - Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.
11 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 951 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 368 пациент стационарда, 14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.