Т.Байсафаның ісі: алқа билер күдікті Муртузали Меджидовты ақтады

Автор: Azattyq Rýhy

Ертең үкім оқылады

7 маусымда Мәскеуде алқа билер соты Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық Томирис Байсафаға қатысты алдын ала үкім шығарды.

Осылайша, істегі басты күдікті дағыстандық Муртузали Меджидов толықтай ақталды. 8 маусымда сағат 9:30-да үкім оқылады. Бұл туралы Никулин аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, Томиристің анасы Жанна Ахметова бұл шешімге таңданысын жасырған жоқ. «Құрметті достар, оны кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін», - деп жазды Ж.Ахметова өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Томирис Байсафа 2018 жылы 13 сәуірде ЖОО ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. 3 мамырда ол ауруханада есін жимастан көз жұмды.