Өткен тәулікте республика бойынша 1191 адам коронавирус жұқтырған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 6 маусымда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы тұр;
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1191 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 394 075 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 18 адам көз жұмды.