$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2021, 10:43
Жаңалықтар

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 қазақстандық көз жұмды

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 573 адам ауыр жағдайда жатыр

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 қазақстандық көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 6 маусымдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.

6 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 709 адам коронавирус инфекциясынан (–23 814 КВИ+ және 895 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 653 пациент стационарда, 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 573 адамның жағдайы ауыр,
• 130 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 4 маусымдағы мәлімет бойынша 89 жаңа жағдай тіркелді, 13 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 55783; 

өлім жағдайы – 931;

барлығы 51501 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары