ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады

Түркия, Өзбекстан және Беларусьпен арадағы халықаралық рейстер саны артады 

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 7 маусымнан бастап Түркияға рейстер саны көбейеді. Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сондай-ақ, Өзбекстанмен арада "Алматы – Наманган", "Ақтау – Нүкіс", "Ақтөбе – Нүкіс", "Ақтөбе - Самарқанд" бағыттарында аптасына 2 тұрақты рейстен ашылады. 

Бұдан басқа, "Алматы – Минск" бағыты бойынша Беларусьпен тұрақты рейстер саны ұлғайтылып, әр тараптан аптасына 2 рейстен орындалады. 

Бұл шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. 

Аталған бағыттарға "Эйр Астана", "SCAT", "Turkish Airlines", "Узбекские авиалинии" және "Белавиа" әуе компаниялары ұшады деп жоспарланып отыр. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және шет мемлекеттің тиісті билік орындарымен келісім бойынша орындалады.