Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақта екі өңір қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

3 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта төрт өңір тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

3 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда КВИ жұқтырған 25 мыңға жуық адам емделуде, олардың ішінде 9 468 пациент стационарда, 15 527 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 589 адамның жағдайы ауыр,
  • 128 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 83 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.