Арменияның Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады
Армения ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚҚ) Қазақстан мен Ресей азаматтарына көліктер сату кезінде жаған құжаттар дайындалғанын және берілгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі жедел-іздестіру шаралары барысында анықтағандай, елдегі Жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтың директоры газбаллонды жабдығы бар көліктерді басқаруға куәліктердің жалған көшірмелерін, сондай-ақ автокөлікке газбаллонды жабдық орнатылмастан, оған сертификаттар беріп келген. Бұл жалған құжаттар кейіннен Арменияда көлік алған Қазақстан мен Ресей азаматтарына сатылып келген.
Бұдан бөлек, АР ҰҚҚ осы елде автомобиль сатып алған Қазақстан мен Ресей азаматтарына техникалық тексеруден өту туралы жалған талондарды өткізіп келген армениялықты анықтады. Аталған фактілер бойынша АР ҰҚҚ Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.