Тоқаев ерлер арасындағы гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлікті құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Гибралтарда шахматшы әйелдер арасында Гран-придің төртінші кезеңі аяқталды

Жансая Әбдімәлік, фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті FIDE Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», - делінген құттықтауда..

Еске сала кетейік, Гибралтарда шахматшы әйелдер арасында Гран-придің төртінші кезеңі өтті. Гран-приге жалпы саны 12 шахматшы қатысты. Турнир 2 маусымға дейін жалғасты.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Гран-приде жақсы нәтиже көрсетіп, ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды.