Батыр Жүкембаев 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін шеттетілді
30 мамырда жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа - 5 маусымға дейін тыйым салынды.