Нұр-Сұлтанда жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады.

Бұл бағдарламаға келесі тұрғындар қатыса алады:

  • жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
  • жасына байланысты зейнеткерлер;
  • жетім балалар;
  • қандас;
  • экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасы.

Бағдарлама бойынша пәтерлердің жалпы саны – 100. Оның ішінде 30 пәтер "Жетім балалар" санатына ғана арналған. Ай сайынғы жалдау ақысы -  5 000-нан 15 000 теңге аралығында болады. Өтінімдер 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.