Вирустың бұл түрі Бразилияда тез тарай бастаған
Бразилияда коронавирустың жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
«Пи-4» деп аталған жаңа штамм алғаш рет Сан-Паулу штатында тіркелді. Бірақ оның қаншалықты жұқпалы әрі қауіпті екені белгісіз. Алайда коронавирустың бұл түрі Бразилияда тез тарай бастаған.
Қазірге дейін жаңа штамм елдің 9 аймағында тіркелген.