Семейде қос азаматтықпен жүрген ресейлікке айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны ҚР азаматтығынан айырып, елден шығарылды

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Семей көші-қон қызметінің өкілдері қос азаматтығы бар 64 жастағы ер адамды ұстады.

«Ол Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған. Оның куәлігі тәркіленіп, ҚР азаматтығынан айырдық», – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ресейлік азаматқа әкімшілік тәртіппен 100 АЕК айыппұл салынып, ҚР аумағынан шығарылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан азаматы бола алмайды.