Қарағандыда мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлер салған компания басшысы сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Прокуратура алаяқтық фактісін анықтады

көрнекі фото

Қарағандыдағы құрылыс компаниясы бюджеттен 24 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салған мердігер компания арзан материалдар қолданған. Ал, үнемделген ақшаны қалтасына басып отырған. Осы жағдайға қатысты тексеру жүргізген прокурорлар алаяқтық фактісін анықтады.

Келтірілген шығынды толығымен өтеп берген құрылыс компаниясының директоры бес жылға шартты түрде сотталды. Алайда, көп қабатты үйлердің арзан шатыры мен материалдары ауыстырылмайды.

«Облыс прокуратурасы жүргізген аудит аясында 24 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Мердігер компания мырышталған болаттан жасалған арзан материалдар пайдаланған. Негізі мемлекеттік бағдарлама аясында алюминий панельдер пайдалануы керек еді», - деді Қарағанды ​​облысы прокуратурасының өкілі Дархан Хасенов.