Ауылдағы әрбір учаскелік инспекторға бір көмекші бекіту жоспарланып отыр
Комитет төрағасы көмекші не үшін қажет екенін түсіндірді
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев ОКҚ-да өткен брифингте учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің штаты ішкі резервтер арқылы артатынын мәлімдеді.
«Ауылдағы әрбір учаскелік инспекторға бір көмекші бекіту жоспарланып отыр. Көмекші ерекше қажет, себебі учаскелік инспектор полициядан алшақ орналасқан бірнеше елді мекенге қызмет көрсетеді», - деді комитет басшысы.
Комитет төрағасының айтуынша, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің штаты ішкі резервтер арқылы тағы да мыңнан астам қызметкерге артуы ықтимал. Қазір учаскелік инспекторлар штаты 5 900 қызметкермен алмастырылған, ал көмекшілер саны 600-ден асқан.
2022 жылдан бастап учаскелік инспектордың жалақысы тағы 30 пайызға, ал көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға артады.