Бразилияда эпидемиологиялық ахуал қайта өршіді
Мальта коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастырған Еуро Одақтағы алғашқы мемлекет болды. Ресми мәліметтер бойынша, елдегі ересек тұрғындардың шамамен 70%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір компонентін салдырған. 16 жастан асқан Мальта азаматтарының 42%-ы вакцинаның екі компонентін алды. Халықтың ең осал бөлігі - 60 жастан асқан адамдар арасында екпе салдырғандардың үлесі 95%-ға жетті. Айта кету керек, Мальта - ЕО және әлемнің өзге де елдерінен туристер жиі келетін ел.
Жапония Олимпиада ойындарына дайындалуда. АҚШ сыртқы істер министрлігі әлемдік дода ашылуынан екі ай бұрын Жапонияға сапар жасаудың қажет еместігі туралы мәлімдеме жасады. Тіпті, вакцина алған саяхатшылардың өзі Жапонияда коронавирус жұқтыруы мүмкін.
Бразилияда эпидемиологиялық ахуал қайта өршіді. Өткен тәулікте КВИ салдарынан 790 науқас көз жұмды. Инфекция жұқтырудың тәуліктік өсімі - 37 498. Жалпы, пандемия басталғалы 211 миллион халқы бар Бразилияның 16 миллион тұрғыны инфекция жұқтырды. 450 мыңға жуық науқас қайтыс болды.