Үй-жайды жалға берушіге қатысты да сотқа дейінгі тергеу қарастырылуда
Алматыда ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының нормаларына қайшы жұмыс істеген Грузияның екі азаматы сотталды.
Грузияның екі азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлімі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс табумен ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жедел-тергеу шаралары барысында компьютерлік клуб қызметі түрінде ойын бизнесін бірнеше рет заңсыз ұйымдастыру фактісі анықталды.
Бұдан бөлек, сотта ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру үшін үй-жайды жалға берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу қарастырылып жатыр.