Вакцинация басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды. Ең көп табыс тапқан - Мoderna және BioNTech басшылары. Олардан бөлек миллиардерлер тізіміне келесі адамдар кірді:
- Иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд);
- Moderna директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд);
- Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд);
- Ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд);
- Қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд);
- CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд);
- СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).