Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған 744 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 23 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.
23 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 003 адам коронавирус инфекциясынан (34 457 КВИ+ және 546 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 968 пациент стационарда ем алып жатса, 21 035 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 744 адамның жағдайы ауыр,
• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 93 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүнсек, 22 мамырдағы мәлімет бойынша 86 жаңа жағдай тіркелді, 83 адам жазылып шыққан, 5 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 54 691;
барлығы 50 805 адам сауығып шықты.