Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасына енуге тиіс кәсіпкерлік нысандар тізімін жария етті
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулыға сәйкес, ҚР халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Ashyq» жобасы барлық өңірлердегі кәсіпкерлік объектілерінде іске асырылатын болады.
Бас санитар дәрігер «Ashyq» жобасын мынадай нысандарға енгізуді тапсырды:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
-облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Сондай-ақ жұмысын дұрыс атқармаған нысандарды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі жарияланды.
«Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) мынадай негіздер бойынша шығарады:
- мониторингтік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуын растайтын фактілерді анықтауы;
- объекті келушілерге 3 күннен артық check-in жүргізбеуі;
- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімінің негізінде жобадан шығарады.
«Қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы мониторингтік топтың нәтижесі бойынша жобаға 2 аптадан ерте орала алмайды. Мониторингтік топтың нәтижесі бойынша жұмыс алгоритмін қайталап бұзған қатысушы жобаға 2 айдан ерте орала алмайды», - делінген Қаулыда.
Жаңа қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.