КВИ таралуы бойынша 7 өңір «қызыл» аймақта тұр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 2267 адам коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 22 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Ақтөбе облыстары «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр;  

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары тұр;  

«Жасыл» аймақта: – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2267 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 371 015 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 25 адам көз жұмды.