Геннадий Головкин Қазақстанға келді

Автор: Azattyq Rýhy

Боксшы Алматыда өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты

Орта салмақта IBF пен IBO тұжырымдарының чемпиондары Геннадий Головкин Қазақстанға келді, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы Алматыда өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Оның қолы қойылған қолғабы сатылымға шығарылды. Іс-шараға Геннадий Головкиннің бауыры Максим мен UFC-дің файтері Зубайра Тухугов та қатысты.

Еске сала кетейік, кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин (41-1-1) соңғы рет рингке былтыр желтоқсан айында шығып, поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы титулын 21-рет қорғады.