Тергеу барысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ анықталды
19 мамырда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, алкоголь өнімдерін (арақ) заңсыз өндірген фактіні анықтады.
Тергеу барысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ анықталған. Арақты Қарасай ауданындағы зауытта өндірген.
Қарасай ауданында орналасқан зауытта «Наша Водка» белгісі бар арақтың 14 000 бөтелкесі (0,5 литрден) және алкоголь өнімін құюға арналған пластик ыдысында мөлшері 3 300 литр құрамында спирті бар өнімінің заңсыз өндірісі анықталған.