«Еш жерім ауырған жоқ»: 91 жастағы Бибігүл Төлегенова вакцинациядан кейінгі жағдайын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр

Атақты опера әншісі Бибігүл Төлегенова 14 мамырда коронавирусқа қарсы вакцинаның ІІ компонентін алды.

«Бізде қазір жағдай өте қиын, сондықтан баршамыз жұмыла вакцина алуымыз керек. Мен 14 мамырда ІІ компонентін алдым. Құдайға шүкір, еш жерім ауырған жоқ. Ауруды сезген де жоқпын», – деді КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 433 жағдайы анықталды, бұл көрсеткіш бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр.

20 мамырдағы жағдай бойынша 35 846 адам CVI-мен емдеуді жалғастыруда, оның 13 265 пациенті стационарларда, 22 581 адам амбулаториялық деңгейде.