Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Арман Әбеновті ұжымға таныстыру сәті

Бүгін Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Арман Тарғынұлы Әбенов басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Арман Тарғынұлы бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

А. Т. Әбенов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаевты таныстырды. Эльдар Қонысбайұлы бұған дейін Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.