ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Ертаев ісіне қатысты басты сот талқылауы 26 желтоқсанда өтеді

Экс-банкир Жомарт Ертаевтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша іс қозғалып отыр

Фото: Эмин Джафаров, kommersant.ru

Бүгін Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ертаев ісі бойынша алдын ала тыңдау басталып, судья Роман Селицкий Ертаев ісіне қатысты басты сот талқылауы қашан өтетін мәлімдеді

«Ертаев ісіне қатысты басты сот талқылауы 26 желтоқсан күні сағат 11.00-ге белгілеймін», - деді судья Роман Селицкий.

Естеріңізге сала кетейік, банкир Жомарт Ертаевқа 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта «Bank RBK» АҚ-да қызметтік бабын асыра пайдаланып, 144 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып отыр.  

2018 жылдың 8 мамырында Ертаев Мәскеуде ұсталды. Қазақстандық полицияның хабарлауынша, ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі ретінде «жасанды» ЖШС-ға 80 миллион доллардан астам сомаға банктік несие алуға қолдау көрсеткен, сондай-ақ қарызды қайтармау мақсатында әртүрлі әрекеттерге барған. Ал, Ертаевтың өзі «RBK банкте ешқашан жұмыс істеген емеспін» деп мәлімдеді. Аталған несиені қазақстандық Дінмұхамед Ыдырысов басқаратын «Ордабасы Комьюникейшнс» компаниясы алғанын және оның жеке шотына аударылғанын айтқан. Сондай-ақ Ертаевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 177-бабының 4-тармағына (алаяқтық) сәйкес жүргізілгені атап өтілді.

Бұдан кейін экс-банкир босатылып, ол Ресейден саяси баспана сұраған. 8 қазанда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы  Ертаевты Қазақстанға беруден бас тартқан. Бірақ 15 қарашада оның қайтадан ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды. 2019 жылдың қаңтарында Мәскеудің Пресненский аудандық соты Ертаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Осы жылдың 14 наурызында Ресейдің Жоғарғы соты кәсіпкерді экстрадициялау туралы шешімді қолдайтыны мәлім болды.   

15 наурызда Қазақстанның Бас прокуратурасы Ертаевтың экстрадицияланғанын және Астана тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады. Сот оны 15 мамырға дейін қамауға алуға рұқсат етті. 14 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Жомарт Ертаевқа қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын үш айға, яғни ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Кейін сот Ертаевты қамауға алуды бірнеше рет ұзартты. Қазан айындағы соңғы сот шешімі бойынша экс-банкирді қамауға алуды 15 желтоқсанға дейін созды.