Қапшағай қаласында браконьерлерден 530 келі балық тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Келтірілген залал көлемі - 1,2 млн теңге

Балқаш-Алакөл бассейнінде браконьерліктің алдын-алу мақсатындағы іс-шара барысында Қапшағай қаласында балық ресурстарын заңсыз сақтау фактісі анықталды.

Айта кетсек, И. есімді тұрғыннан 530 келі бірнеше балық түрі, сондай-ақ 140 км (140 000 метр) жуық пайдалануға тыйым салынған балық аулау құралдары (синтетикалық моножіптер мен моноталшық) тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген алдын-ала залал көлемі 1 млн 211 мың теңгені құрады.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар жалғасуда.