Сабақтар осы жылдың 4 мамырында басталады
«Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау баскармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.
Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
Айта кету керек, курстар санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі: Маска режимі, антисептикалық санитайзерді қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-701-212-09-55; 8-775-545-15-39; 8-747-455-44-95.