ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Роза Рымбаеваға жаңа атақ берілді

Президент жарлығымен әнші «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Фото: sputniknews.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі Рымбаева Роза Қуанышқызына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - делінген жарлықта.

Сонымен қатар, өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Макишев Тұрсынбек Шамбулұлына да жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсыру туралы жарлыққа қол қойылды.