Алексей Цой коронавирусқа қарсы екінші екпені салдырды

Автор: Azattyq Rýhy

Алексей Цой QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырған болатын

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы министр өзінің Facebook-парақшасында жариялады.

«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші компонентін салған кездегідей өзімді жақсы сезініп отырмын. Ешқандай жанама әсері болған жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың бір ғана тиімді әдісі Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді сақтаңыздар!», - деп жазды министр.

Еске сала кетсек, сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасын салдырды. ДСМ дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 1 844 938 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина алған.