Түркияда локдаун жеңілдетілді, бірақ түнгі уақытта коменданттық сағат жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Францияда коронавирус жұқтыру мен өлім-жітім жағдайы төмендеді

фото: gazeta.ru

Түркия үш аптаға созылған локдаунды жеңілдетіп, бірқатар карантиндік шектеуді алып тастады. Ел тұрғындарына күндіз қайтадан үйінен шығуға рұқсат етіледі. Алайда сағат 21:00-ден бастап коменданттық сағат жұмыс істейді. Кафелер мен мейрамханаларға баруға әлі де рұқсат жоқ, дегенмен тағамды жеткізу қызметі жұмыс істейді. Сауда орталықтары мен киім дүкендері жұмысын қайта бастайды. Түркияда мектептерді ашу мәселесі әлі шешілген жоқ.

Эстонияда 17 мамырда 16 жастан бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды. Бұл елде Германия және басқа да мемлекеттердегідей жасы мен мамандығы бойынша белгілі бір санаттарға басымдықтар берілмеген, кез-келген адам вакцина салдыра алады. BioNTech/Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары 50 жасқа дейінгі науқастарға егу үшін қолданылады. Эстонияның қалған тұрғындарына AstraZeneca препараты салынады.

Францияда коронавирус инфекциясын жұқтыру мен өлім жағдайының күнделікті дерегі азайды. Пандемия басталғалы Францияда 5 877 787 адам коронавирус жұқтырды, осы уақыт ішінде елдің 107 616 тұрғыны коронавирустан қайтыс болды. Қазір Франциядағы қарқынды терапия палаталарында 4255 адам бар.

Ұлыбритания билігі пандемиямен күресуге бағытталған шектеулерді жеңілдетуде. Біріккен Корольдіктің тұрғындарына алты адамға дейінгі топпен жабық үй-жайда кездесуге рұқсат берілді. Мейрамханалар мен пабтар, мұражайлар, кинотеатрлар мен спорт залдары жұмысын қайта бастайды.

???????? Португалия елге ЕО-ның басқа елдерінен келген саяхатшылар үшін карантиндік шектеулерді жеңілдетеді. Нақты айтқанда, бұл соңғы екі аптада жаңа инфекциялар саны 100 000 тұрғынға шаққанда 500 жағдайдан аспаған Еуроодақ елдеріне қатысты. Бұл елдерден келген қонақтарда теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болса, Португалияға еш кедергісіз кіре алады.