1 тамыздан бері бұл індеттен 860 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15 мамырда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар – 54 152, 860 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 783-ке жетті.