Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған 798 науқас ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 15 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 22 адам қайтыс болды.
15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 798 адамның жағдайы ауыр,
• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 13 мамырдағы мәлімет бойынша 130 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 99 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 54 014;
өлім жағдайлары – 852;
барлығы 52 615 адам сауығып шықты.