$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2021, 13:34
Жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

Мәдениет министрінің орынбасарына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты
Фотоколлаж

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте журналистерге өзінің отставкаға қашан кететіні жөнінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Министрдің қарамағында жұмыс істеген орынбасар Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, Райымқұлова отставкаға кетуге дайын ба?» деген сұраққа министр былай жауап берді: 

«Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ, бұл кінә дәлелденген жағдайда», - деп қайталады Мәдениет министрі. 

Еске салайық, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары