Зардап шеккен бес бала мен үш ересек адам Мәскеудегі федерал клиникаға жеткізілген
Татарстан президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова Қазандағы №175 мектептегі атыс кезінде зардап шегіп, республикалық балалар клиникалық ауруханасына түскен балалардың жағдайын айтты. Лилия Галимованың мәлімдеуінше, 14 баланың жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
12 мамырда қантөгістен зардап шеккен бес бала мен үш ересек адам Мәскеудегі федерал клиникаға жеткізілген. Жеңіл дәрежеде миы шайқалып, беті жарақаттанған бір бала тұрғылықты жері бойынша стационардан шығарылған.
Жалпы, қайғылы оқиғадан соң Қазан ауруханаларына зардап шеккен 23 адам жеткізілген (3 ересек, 20 бала).
Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасындағы № 175 мектепте атыс болды. Оны 19 жастағы мектептің бұрынғы түлегі Ильназ Галявиев ұйымдастырған. Нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім қайтыс болды. Атыс шығарған жасөспірім ұсталды.