Қазандағы атыстан кейін Кәрім Мәсімов ҰҚК отырысын өткізді

Іс-шарада білім беру мекемелерінің қазіргі қауіпсіздік жай-күйі мен жастардың радикалдануына жол бермеу шаралары талқыланды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің қазіргі қауіпсіздік жай-күйі және оқушы жастардың радикалдануына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

«Білім беру жүйесі объектілерін кіруді бақылау мен дабыл белгісін берудің тиісті техникалық құралдарымен нығайту бойынша шешімдер әзірленді.

Жастар ортасында зорлық-зомбылық акцияларын насихаттау және оны дайындау белгілерін анықтау мәніне әлеуметтік желілер мен Интернетті мониторингтеу тиімділігін арттыру жолдары айқындалды», - делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хабарламасында.

Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ оларға уақытылы психологиялық көмек көрсету шаралары жетілдірілді.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.