Коронавирус пневмониясынан бір күнде 5 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан бөлек пневмонияның 13 жаңа жағдайы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 мамыр күні коронавирус белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты.  

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 53 584, 842 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 357-ге жетті.