1 тамыздан бері бұл індеттен 837 адам қайтыс болды
Елімізде коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
9 мамырда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 7 жағдай және 5 өлім тіркелді. Оған қоса 48 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлық ауырғандар саны – 53 571, 837 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 332-ге жетті.