КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің 6 өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр

Фото: baigenews.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;  

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары тұр;  

«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2142 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 344 731 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 16 адам көз жұмды